KZ
«GREEN FINANCE AWARDS-2021» (GFA’2021) ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Өткізу орны: Нұр-Султан қ. (online)

Өткізу күні: 2021 жылдың Шілде айында (to be confirmed)

Ұйымдастырушы: АХҚО Жасыл қаржы орталығы (“AIFC Green Finance Centre Ltd.” ЖК)

2018 жылы жыл сайынғы Халықаралық жасыл өсу форумы (Green Growth Forum, GGF) нысанында бүкіл әлемнің жасыл қаржы саласындағы мамандары үшін тәжірибе және озық тәжірибемен алмасу, даму нұсқаларын, кедергілерді және оларды еңсеру жолдарын талқылау үшін Орталық Азиядағы алғашқы диалог алаңы құрылды.

АХҚО 2018 жылы Green Growth Forum, GGF табысты өткізілген қорытындылары бойынша жасыл қаржыландыру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін және өңірлік және әлемдік деңгейде АХҚО-ның жасыл қаржы хабы ретіндегі имиджін қолдау үшін AIFC GREEN FINANCE AWARDS халықаралық сыйлығын құруға бастамашылық жасады.

Орнықты даму, климаттың өзгеруі, қоршаған ортаны сақтау және жасыл экономикаға көшу мәселелері саласындағы сыйлықтарды тапсыру тәжірибесі бүкіл әлемде туындап отыр. Сыйлықтар құру идеялары жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау идеяларын қалың жұртшылық арасында кеңінен таратуға және назар аударуға бағытталған. AIFC GREEN FINANCE AWARDS жасыл қаржы нарығына қатысушыларды саладағы жұмысты жалғастыруға, әлемде жасыл қаржыландыруды дамыту идеологиясын нығайтуға шабыттандыруға және көтермелеуге арналған.

Мақсаты

Жыл сайын жасыл қаржыландыру саласындағы мамандарды әлемдегі жасыл қаржының жетістіктері мен ілгерілеуі үшін ынталандыру, көтермелеу және жария ету.

Номинациялар санаттары

2021 жылы жасыл қаржыны дамытуға қосқан үлесі үшін келесі номинациялар анықталды:

  1. Үздік Жасыл Инвестициялық Банк/Бағалы Қағаздар Үйі
  2. Алғашқы жасыл облигация/Дамушы нарықтардағы Жасыл Сукук
  3. Жасыл қаржыландыру құралдарына арналған ең жақсы биржалық алаң
  4. Жасыл қаржының дамуына қосқан көрнекті үлес
  5. Жасыл қаржы бойынша үздік кеңес беру
Номинанттар санаты

AIFC GFA номинанттары ретінде келесі тұлғалар қатыса алады:

  1. Жасыл қаржы және жасыл облигациялар нарығын дамытуға өз үлестерін қосқан және климаттың өзгеруіне төзімділік пен төмен көміртекті инвестициялардың оң мысалдарын ұсынған заңды тұлғалар
  2. Талдамалық зерттеулер, жарияланымдар жүргізу, сондай-ақ әлемде жасыл қаржыландыруды дамыту жөніндегі ауқымды жобаларға жеке қатысу және әлемнің жекелеген өңірлерінде жасыл қаржыландыруды енгізу және дамыту жөніндегі бастамаларды белсенді ілгерілету арқылы жауапты қаржыландыруды дамытуға өз үлесін қосатын жекелеген тұлғалар
  3. Жасыл қаржы нарығын дамытуға, жасыл қаржыландыру көлемін ұлғайту үшін ресурстарды жұмылдыруға және бүкіл әлемде жауапты қаржыландыру стандарттарын дамытуға және таратуға айтарлықтай үлес қосқан қауымдастықтар, серіктестіктер, жобалар немесе командалар

АХҚО Жасыл қаржы орталығы (“AIFC Green Finance Centre Ltd.” ЖК) жыл сайынғы «Green Finance Awards» сыйлығына қатысуға шақырады!

«GREEN FINANCE AWARDS» сыйлығын тапсыру рәсімі бүкіл әлем бойынша жасыл экономикаға көшу және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау идеясына назар аудартуға және оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттауға бағытталған.

«GREEN FINANCE AWARDS» сыйлығы тәжірибе мен үздік практикалармен алмасу, даму нұсқалары мен кедергілерді еңсеру жолдарын талқылау үшін бүкіл әлемнің жасыл қаржы мамандарының Орталық Азиядағы басты кездесу орны – «Green Growth Forum» форумының бір бөлігі болып саналады.

Форумның www.ggf.kz веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, ӨТІНІМДІ толтыру арқылы жеке тұлғаны, компанияны немесе қызметтер көрсетушіні оларға лайықты санат бойынша ұсына аласыз. Әрбір ұсыным құжаттық дәлелдермен, сондай-ақ неге дәл осы үміткер жеңуі тиіс екендігі және оның нақты санатта қандай артықшылық танытқаны сенімді негіздемемен бекітіліп, тақырыптық зерттеулермен немесе тиісті кезеңдегі мәмілелердің негізгі сәттерімен сипатталуы керек.

Егер өтінім беру жөнінде қандай да бір сұрақтарыңыз болса, Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. пошта мекенжайы арқылы хабарлассаңыз болады.

Өтінімдер беру басталатын күн: 2021 жылғы 5 Мамыр

Өтінімдер тапсыру аяқталатын күн: 2021 жылғы 4 Маусым

2019 номинацияларымен жасыл қаржы саласын дамытуға қосқан үлесі үшін келесі компаниялар мен сарапшылар атап өтілді:

Жасыл қаржының жаңа нарықтарын ашқаны үшін Шон Кидни (Climate Bonds Initiative тің құрылтайшысы және бас директоры) сыйлыққа ие болды

Қазіргі жағдайда, бүкіл әлемде жасыл Қаржы нарығын дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Жасыл қаржыландыру мүмкіндіктерін ашу мемлекеттік және жеке сектордың ынтымақтастығы арқылы тұрақты дамудың ортақ мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді. Қаржылық ағындарды жасыл инвестицияларға қайта бағыттау қажеттілігі туындайды.

Климаттың өзгеруі мен орнықты дамуға көшу проблемаларын шешу үшін облигациялар нарығын жұмылдыруға зор күш-жігер жұмсау қажет. Жасыл қаржыландыру идеясын ынталандыру және насихаттау, бірыңғай стандарттарды әзірлеу және климаттық облигацияларды сертификаттау, қоғамды ақпараттандыру және мемлекет үшін модельдер мен ұсыныстар әзірлеу үшін кешенді тәсіл қажет.  

«Бір белдеу және бір жол» бастамасын «жасылдандыру» үшін Доктор Ма Джун (Цинхуа университетінің қаржы және даму Орталығының директоры) сыйлыққа ие болды

«Бір белдеу және бір жол» бастамасы экономикалық дамуға жәрдемдесу және өңіраралық байланыстар орнату бойынша ірі бастама болып табылады. Бұл бастама инфрақұрылымды құруға ұзақ жылдарға арналған ең ірі инвестиция болып табылады. Экологиялық тәуекелдерді азайту және экологиялық тұрақты инвестицияларды қамтамасыз ету үшін бастамаға теңгерімді шешімдер қабылдау бойынша ұсынымдарды бағалау және әзірлеу үшін ұйымдар, қорлар және бағдарламалар қатысады.

Бұл бағыттағы жұмыстар осындай ауқымды жоба шеңберінде өзара іс-қимылды орнату және келісімге қол жеткізу үшін тынымсыз әрі жан-жақты көзқарасты талап етеді.

Қазақстандағы жасыл қаржы жүйесін қолдауға және дамытуға қосқан үлесі үшін сыйлыққа Еуропа қайта құру және даму банкі ие болды

Жасыл қаржы жүйесі Орталық Азиядағы салыстырмалы түрде жаңа құбылыс болып табылады. Осы салада толыққанды дамуға қол жеткізу үшін тұжырымдаманы әзірлеуден және жасыл құралдардың кең желісін ұсынудан бастап, ойға алған барлық нәрсені іске асыруға дейін капитал нарығының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде жасыл қаржы жүйесін құруға күш салу қажет.