KZ
«GREEN FINANCE AWARDS-2021» (GGF’2021)
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

ӨТКІЗІЛЕТІН ОРНЫ: Нұр-Сұлтан қ. (online)

ӨТКІЗІЛЕТІН КҮНІ: 2021 ж., Шілде айында (НАҚТЫЛАНАТЫН БОЛАДЫ)

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: АХҚО Жасыл қаржы орталығы (“AIFC Green Finance Centre Ltd.” ЖК)

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫ - ЕЛДЕР: Орталық Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және Моңғолия аймағы.

ФОРУМНЫҢ НЕГІЗГІ СЕРІКТЕСТЕРІ:

Адамзат өркениетінің XXI ғасырға дейінгі дамуы табиғат тіршілігіне әсерін тигізбей қойған жоқ. Планета ландшафтына келтірілген техногендік әсерлер климаттың келеңсіз өзгерістеріне және жер шарының барлық континентінде орын алған экологиялық апаттарға әкеп соқты. Индустриялық революция трансформацияны талап ететін тұтыну экономикасын қалыптастырды. Қазіргі таңда тұрақты даму және қоршаған ортаны сақтау мәселелері технологиялық даму этикасымен, елдердің өндірістік саясатымен, аштық, көшу-қону және жауапты қаржыландыру мәселелерімен тығыз байланысты талқылануда. Бұл мәселелер Планетаның түкпір-түкпірінде даму үстінде, сондай-ақ өркениетті әлемнің және жаңа дәуірдің зияткерлік күн тәртібін қалыптастырады.

Біз түрлі айырмашылықтарға толы әлемде өмір сүріп келеміз, бірақ туындау үстіндегі ғаламдық мәселелердің шешімін табуға деген ұмтылыс бізді біріктіреді. Бір тілде, яғни планета үшін жауапкершілік тілінде сөйлеуді қажет ететін дәуір орнауда!

Қазақстан экожүйенің белсенді қатысушысы ретінде, тәуелсіздікке қол жеткізген кезден бастап өңірлерде экологияны жақсарту үшін елеулі жұмыстар атқарды және Киот хаттамасы мен Париж келісімі сияқты негізгі халықаралық бастамаларға қосылды. 

Энергетикалық және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, сонымен қатар Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға өтуі мәселелері бойынша негізі қаланған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің курстарын жалғастыру аясында Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) өз қызметінің негізгі бағытының бірі ретінде Қазақстанның, Орталық Азияның және Шығыс-Еуропа өңірінің жасыл қаржы жүйесін дамытуды белгіледі.

2018 жылы АХҚО 2025 жылға дейін жасыл қаржы саласында өңірлік көшбасшылықты қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру аясында Орталық Азияда жыл сайынғы халықаралық Жасыл өсім форумы (Green Growth Forum, GGF) нысанында алғашқы диалог алаңын құрды.

АХҚО бастамасымен іске қосылған Green Growth Forum Орталық Азияда тәжірибемен және озық практикамен алмасу, даму нұсқаларын, кедергілерді талқылау, кедергілерді еңсеру үшін бүкіл әлемнің жасыл қаржы саласындағы мамандарының басты кездесетін орны болды.

Бүкіл әлемде дамып жатқан қаржы орталықтарының күшін біріктіру климаттың өзгерісіне қарсы күресу және тұрақты дамуға өту кезінде негізгі рөл атқара алады.

Жасыл қаржы орталығының Green Growth Forum ұйымдастыруы аясында АХҚО жасыл экономикаға өту және бүкіл әлемде табиғи ресурстарды аялау идеясына назар аударуға және жалпы қоғам арасында оны дәріптеуге бағыталған AIFC GREEN FINANCE AWARDS халықаралық премиясын тағайындауға бастама танытты.

АХҚО бүкіл әлемнің мамандары үшін белсенді диалог алаңы іспеттес Green Growth Forum-ның үлкен әлеуеті және жасыл экономиканы дамытуға белсенді қатысатын, сондай-ақ жасыл қаржыны ілгерілететін елдерде оны ұйымдастыру болашағын байқады.

2018 жылғы Форумның негізгі тақырыптары тұрақты қаржы секторының ғаламдық желілері, «жасыл» жобаларды қаржыландырудың инновациялық тетіктері, циклдық экономика, «ақылды» қала құруға арналған шешімдер, қаланың өркендеуі және қалдықтарды басқару саласын дамытудың жаңа ынталандырмалары мәселелерін қамтыған.

2019 жылғы екінші Форумның тақырыптары жасыл таксономияға, төмен көміртекті дамуға, «жасыл» капитал нарығына мен банк ісіне, «жасыл» қаржыландыру саясатының жол картасына, «жасыл» қаржыландыру бойынша жоғары технологиялар саласындағы шешімдерге және «жасыл» қаржыландыруды кеңейтудің нормативтік-құқықтық базаға арналған.

2021 жылғы Форумның тақырыптары жақын арада жарияланатын болады.

Мақсаты:
  • Жасыл қаржыландыру және тұрақты экономиканы құру барысында тәжірибе алмасу саласында жаңа трендтерді талқылау. Қаржы секторын қайта іске қосу және қаржылық реттеушілердің, директивті органдардың және өңірлік капитал нарығының негізгі ойыншыларының күшін біріктіру арқылы өңірде капитал қозғалысын жеңілдету.
Міндеттері:
  • Орталық Азияда жасыл және тұрақты қаржылық дамуға әсер ететін маңызды мәселелерді талқылау үшін қаржылық реттеушілердің, директивті органдардың, қаржы ұйымдарының және Азия өңірінің басқа да негізгі мүдделі тараптарының, сонымен қатар Қытайдың, ЕО-ның, Ұлыбританияның халықаралық сарапшыларының және халықаралық ұйымдарының күшін біріктіру.
  • Халықаралық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар Орталық және Оңтүстік Азияны дамытуды қолдау нұсқаларын талқылау.
  • Саланың инновациялық процесі құрамының – биліктің, ғылымның, инвестицияның және бизнестің бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз ету үшін платформа ұсыну.
  • Әлемде жасыл экономиканы дамыту бойынша идеологияны нығайту;
  • Өңірлік банк саласы мен капитал нарығын «жасылдандыру» мәселесі бойынша Орталық және Оңтүстік Азия аймағының қаржылық реттеушілері, директивті органдары және қаржы мекемелері арасында байланыс орнату;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жасыл экономиканы дамыту қажеттілігі жөнінде бизнес пен тұрғындарға кең ауқымды ақпарат беру;
  • Орталық және Оңтүстік Азияда жасыл және тұрақты қаржыны дамыту үшін импульсті құру және оны күшейту.